2015 жылғы 2 маусым, Астана қаласы
«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйырамын:
1. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8827 тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда №47 (28271) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Білім беру ұйымы оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және:
1) әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын;
3) отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын;
4) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті;
5) өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және:
1) қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған;
2) қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
3) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.».
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы З.Ж.Оразалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11553 болып енгізілді.